Жаңалықтар

«Бірлік жаршысы» атты журналистерге арналған қалалық байқау

«Бірлік жаршысы» атты журналистерге арналған қалалық байқау
10.10.2018 12:22 1472

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы елорданың 20 жылдығы құрметіне байланысты БАҚ-тағы қоғамдық келісім тақырыбы бойынша журналистер арасында «Бірлік жаршысы» атты қалалық байқау өткізеді.

Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Байқауға БАҚ-та, соның ішінде этномәдени бірлестіктердің жұмысын ақпараттандыратын бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ  интернет-ресурстарда 2018 жылдың 1 қаңтары мен 1 қыркүйегі аралығында жарияланған материалдар қабылданады.

Қазылар байқау қорытындысының 2 санаты бойынша 3 жүлделі орынды анықтайды:

1 орын – 100 000 теңге

2 орын – 60 000 теңге

3 орын – 40 000 теңге

 Байқау мына төмендегі талапқа сай өткізіледі:

-қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ашып көрсетуге және оны түсіндіруге арналған, сондай-ақ жас ұрпақтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған талдамалы тұрғыдағы үздік материал.

-Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін және оның жаңа жобаларын ашып көрсетуге бағытталған, Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойлық іс-шаралары, Қазақстан халқы ассамблеясы шығармашылық ұжымдарының және оның жастарының халықаралық, республикалық және аймақтық іс-шараларға қатысуы туралы жазылған үздік материал.

Шығармашылық құжаттар:

*Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың көшірмесі сканерленген түрде болуы тиіс; 

*интернет-ресурстарда жарияланған материалдардың көшірмесі сканерленген түрде болуы тиіс;

*бір өтініммен тапсырылған материалдар саны кемінде үшеу болуы тиіс және ол бес материалдан аспауы қажет.

Астананың 20 жылдығы құрметіне қоғамдық келісім тақырыбы бойынша үздік материалдарға арналған журналистер арасындағы «Бірлік жаршысы» атты қалалық байқауға қатысу үшін өтінім

Қала

Аты-жөні

Туған күні

Лауазымы

Тақырып

Еңбек өтілі     

Оқу орыны немесе жұмыс орыны

Телефон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байқауға жіберілетін материалдар 2018 жылдың 10 қазаны мен 24  қазаны аралығына дейін қабылданады.

Материалдар мына электронды поштаға жіберілуі қажет. e–mail: kogamdyk.kelisim @mail.ru

Мекенжай: Астана қаласы

Б. Момышұлы даңғылы-24/9

қызмет телефоны: 8(7172) 49-56-93

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға