Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
Фото: El.kz 30.03.2023 16:27 503

1 сәуірден бастап ел мектептерінде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдана бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші сыныпқа баруға өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz веб-порталында және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

Орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров бірінші сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде алты жастан бастап қабылданатынын, өтініштің өзі ерікті түрде ұсынылатынын атап өтті. Оған баланың денсаулығы туралы анықтама - №065/у, баланың денсаулық паспорты 026/у-3 және баланың 3*4 форматындағы фотосы (2 дана) керек.

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сонымен қатар 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетінін ескерсек, түскен өтініштің барлығы 3 сәуірде қаралады, - деді Ерлан Маемеров. 

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп болжанып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға