Бір жыл тігілген сәукеле: Астанада ғасырдан астам тарихы бар сирек жәдігерлер көрмесі ашылды

Бір жыл тігілген сәукеле: Астанада ғасырдан астам тарихы бар сирек жәдігерлер көрмесі ашылды
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Астанадағы Президенттік орталықта «Ең әдемі киім – ұлттық киім» атты ұлттық-этнографиялық көрме ашылды. Мұнда ғасырдан астам тарихы бар киім үлгілерінен бастап, көне технологиямен қайта тігілген сәукеле, кимешек, шапан мен зергерлік бұйымдарға дейін қойылған. Белгілі этнодизайнер Тілек Сұлтанның туындылары ұсынылған көрмені El.kz интернет басылымының тілшісі тамашалап қайтты.

Республика күніне орай ұйымдастырылған көрме «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасы аясында өтті. Оны ҚР Президенттік орталығы мен «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Экспозициядан қазақ әйелінің бойжеткен шағынан бастап, ана, әже атанғанға дейінгі өмір кезеңдеріне тән киім үлгілерін көруге болады. Әрбір бас киімнің, әшекейдің, ою-өрнектің өзіндік мәні бар. Олар әйелдің жасын, отбасылық жағдайын, қоғамдағы орнын білдірген.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

«Қазақ қызының қадірін ұлттық киім арқылы көрсеткіміз келді»

«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тұрар Сәттарқызының айтуынша, көрменің басты ерекшелігі – ұлттық киімді сәндік бұйым ретінде ғана емес, қазақ қоғамындағы әйелдің орнын танытатын мәдени мұра ретінде көрсету.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Қазір ұлттық киім тігетіндер көп. Бірақ оның этнографиялық ерекшеліктерін бәріміз бірдей біле бермейміз. Бұл көрме арқылы қазақ қызының, қазақ әйелінің қоғамдағы орны қандай болғанын көрсеткіміз келді. Оны ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың өзінен-ақ байқауға болады, – деді Тұрар Сәттарқызы.

Ұйымдастырушының сөзінше, көрмені Астанаға әкелу оңай болмаған. Бұл бастама екі жыл бұрын қолға алынғанымен, түрлі себептерге байланысты кейінге шегерілген.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Бұл көрмені ұйымдастыру үшін көп қиындықты бастан өткердік. Қаржылай қолдау табу да оңай болмады. Тіпті несие алуыма тура келді. Екі жыл бойы армандаған көрмеміздің бүгін ашылғанына қуаныштымын. Ендігі арманымыз – оны Қазақстанның барлық облыс орталығында көрсету, – деді ол.

Тұрар Сәттарқызы бүгінде ұлттық киім мен әшекейлердің кейбір үлгілері қате таныстырылып жүргеніне де назар аударды. Сондықтан көрмеде әр бұйымның тарихи ерекшелігі мен қолданылу тәсіліне мән берілген.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Бір жылдан астам уақыт жасалған сәукеле

Көрменің ерекше жәдігерлерінің бірі – Тілек Сұлтанның өз қолымен жасаған сәукелесі. Шебер оны дайындауға бір жылдан астам уақыт жұмсаған.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова бұл туындының көрме үшін арнайы әзірленгенін айтты.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Тілек Сұлтан осы көрмеге арнап қазақ қызының сәукелесін тігіп әкелді. Оның тағы бір ерекше еңбегі – ұмытылып бара жатқан бізкесте технологиясын қайта жаңғыртып, шәкірттеріне үйретіп жүргені. Бұл – ұлттық мұраны сақтаудың нақты үлгісі, – деді Ботагөз Қайыпова.

Оның айтуынша, көрмеге тек астаналықтар ғана емес, өзге өңірлерден келген қонақтар мен дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері де қызығушылық танытқан.

«Шетелдіктерді таңғалдыру емес, өз қазағымызға көрсеткім келеді»

Көрме авторы, этнодизайнер Тілек Сұлтан ұлттық киімдерді жаңғырту ісімен кәсіби түрде он жылдан бері айналысып келеді. Ол әр туындысын дайындамас бұрын музей қорларындағы жәдігерлерді, тарихи фотосуреттер мен деректерді зерттейді.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Шебердің айтуынша, соңғы жылдары ұлттық киімдердің бастапқы үлгісі едәуір өзгерген. Сондықтан ол қазақтың дәстүрлі киімдерін тарихи деректерге барынша жақын етіп қайта жасауды мақсат тұтқан.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Қазір дизайнерлер ұлттық киімге өз қиялын қосып, түрлі өзгеріс енгізіп жүр. Соның салдарынан кейбір киімдеріміз бастапқы қалпынан алыстап кетті. Мен музейдегі жәдігерлер мен көне суреттерді негізге алып, ұлттық киімнің түпнұсқаға жақын үлгілерін қайта жаңғыртуға тырыстым, – деді Тілек Сұлтан.

Көрмеге әр өңірге тән 13-ке жуық кимешек үлгісін әкелген. 

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Сондай-ақ аң терісінен тігілген ішіктер, тымақтар, жарғақ шапандар бар. 

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Кестелі киімдер мен зергерлік бұйымдар да қойылған. Олардың арасында ғасырдан астам тарихы бар жарғақ шалбар да бар.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Тілек Сұлтанның туындылары бұған дейін Түркия, Франция, АҚШ, Катар және басқа да мемлекеттерде таныстырылған. Шетелдік көрермендерді әсіресе қазақ киімдерінің матасы мен тігілу ерекшелігі қызықтырады.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Шетелдіктер біздің киімдерімізді көргенде, көшпенді халық бола тұра осындай маталарды қалай пайдаланғанымызға таңғалады. Бірақ менің мақсатым – шетелдіктерді таңғалдыру емес. Ең алдымен, өз қазағымыз осы киімдерді көріп, тарихын түсінсе деймін. Өйткені өзіміз де ұлттық киімнің көп түрін ұмытып қалдық, – деді шебер.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Тілек Сұлтан 1990 жылы Қытайдың Үрімші қаласында дүниеге келген. 2008 жылы тарихи Отанына оралған. Қолөнердің алғашқы қыр-сырын бала кезінде әжесінен үйренген.

Шебер көне киімдерді қайта тігумен қатар, олардың жасалу тәсілдерін зерттеп, ұмыт қалған қолөнер түрлерін жаңғыртып жүр.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

«Ең әдемі киім – ұлттық киім» көрмесі 16 қарашаға дейін ҚР Президенттік орталығында жалғасады. Келушілер қазақтың дәстүрлі киім үлгілерін, көне жәдігерлер мен шебердің авторлық туындыларын жақыннан тамашалай алады.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Оқи отырыңыз