Электр қуатымен жұмыс істейтін көліктер саны 13,5 есеге өсті, 570-тен 7680 бірлікке дейін көбейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде электр қуатымен жүретін жеңіл автокөліктер саны 16,7 есеге, 443-тен 7383 бірлікке дейін өсті (2023 жылғы 1 желтоқсанды 2022 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда).
Электромобильдердің ең көп саны Алматы қаласында – 4315 бірлік, Астанада – 945 бірлік және Алматы облысында тіркелген – 354 бірлік. Ең аз электромобильдер саны Абай ауданында. Онда бар болғаны 14 электромобиль бар.
Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін жүк көліктерінің саны 2 есеге, 127 бірліктен 262 бірлікке дейін өсті. Жоғарыда аталған көліктердің негізгі саны Алматы қаласында (94 бірлік) және Алматы облысында (17 бірлік) жүреді.
2023 жылдың 1 желтоқсанына электр қозғалтқышында 35 автобус тіркелген, олар негізінен Астана (21 бірлік) және Алматы (11 бірлік) қалаларында.
Бір жыл ішінде электромобильдер саны 13,5 есеге өсті
Оқи отырыңыз
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес