Жаңалықтар

Бір тәулікте коронавирус 97 адамнан анықталды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Бір тәулікте коронавирус 97 адамнан анықталды
Фото: El.kz 11.02.2023 10:12 677

Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясының – 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус (КВИ+) –1 508, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Оның ішінде 137 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға