Жаңалықтар

Бір тәулікте елордадан 36 мың текше метрден астам қар шығарылды

Бір тәулікте елордадан 36 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: gov.kz 04.01.2023 14:12 1122

Өткен тәулікте елордадан 36 мың текше метрден астам қар шығарылды. Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

3-інен 4 қаңтарға қараған түні қаладан полигондарға 36 мың текше метрден астам қар немесе 2 700 жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Бүгінгі таңда елорда бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай – ақ орташа қарқындылығы бар учаске-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. қардан тазартылады.

Айта кету керек, 3 қаңтарда түнгі уақытта қар полигондарына 36 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер қаладан 100 мыңнан астам жүк көлігіне тең, ал бұл миллион текше метрден астам қарды алып шықты. Қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген режимде, сондай-ақ қар тазалау маршруттарын түзетіп жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға