Жаңалықтар

Бір қоңыраумен шешім қабылдайтын судьялар бар ма? Сенатор Нұрлан Бекназаров пікір білдірді

Бір қоңыраумен шешім қабылдайтын судьялар бар ма? Сенатор Нұрлан Бекназаров пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 14.06.2024 12:27 421

Сенатор Нұрлан Бекназаров Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда тілшілердің қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілдері: «Қазіргі судьялар қаншалықты 100 пайыз өз ойларымен шешім шығарады?» деп сұрақ қойды.

Сенатор судья білікті болу керегін және адал әрі әділ шешім қабылдауы тиіс екенін айтты.

Судьяның заңмен құқығы берілген. Яғни өз ойымен емес, өз білімімен заң арқылы жауапкер мен талапкердің уәждеріне қарап, қылмыстық, азаматтық істерде судья білікті және әділ шешім қабылдауы керек. Судья тәуелді деген бізде жоқ. Ол тәуелсіз. Егер «бір қоңыраумен шешім қабылдайтын судья болатын болса, былайша айтқанда, ол судья емес деген сөз. Судьяға кім қоңырау шалып жатыр. Оны өзінен барып сұраңыздар, – деді сенатор.

Сонымен бірге сенатор Бекназаров өзі шешім қабылдай алмайтын, құқығын пайдалана алмайтын судья орнын босатуы керек деп есептейді. Айтуынша, ең төменгі судьялардың жалақылары бірдей.

Аудандық судьялардың жалақысы шамамен 700-800 мыңнан басталады. Одан төмен судья жоқ. Ең жоғары жалақы судьяның сатысына байланысты. Одан кейін еңбек өтіліне де қарайды, – деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға