Жаңалықтар

Бір күнде пәтерлердегі өрттен 71 адам эвакуацияланды

Бір күнде пәтерлердегі өрттен  71 адам эвакуацияланды
Фото: gov.kz 13.01.2023 13:11 1436

Бүгін 101 телефонына Петропавл қаласындағы 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы ауданы 15 ш.м. бір бөлмелі пәтерде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ТЖ орнына облыстық орталықтың № 1, 2 және 3 өрт сөндіру бөлімдерінің және СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлімшелері дереу шықты. Өрт сөндірушілер келгенде пәтерден қатты түтін шығып, үй заттары өртеніп жатты. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті, қосымша екінші шақыру нөмірі бойынша күштер мен құралдарды тартылды. Бір уақытта баспалдақпен 65 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала. Өрттің тез таралу қаупін ескере отырып, жоғарғы қабаттан эвакуациялау үшін автобаспалдақ пайдаланылды. Тағы 5 адам құтқарылды.

"Олар келгенде пәтер ашық жалынмен жанып жатты. Бұл өрттің шатырға және көрші пәтерлерге таралу қаупін туғызады. Тағы 5 минут өткенде оның салдары одан да әсерлі болар еді. Қатты түтін болды, сондықтан адамдар тұншығып қалмас үшін құтқару капюшондарын пайдаланып эвакуацияланды... Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ» -, деп өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың әрекеттері туралы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісі азаматтық қорғау подполковнигі Ербол Молдағожин түсініктеме берді.

7 зардап шеккен адамға, негізінен қарт адамдарға СҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ психологиялық қызметінің бас маманы психологиялық көмек көрсетті.

Өртті жоюға СҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жеке құрамының 37 адамы және 13 техника бірлігі қатысты.

Пәтер толығымен өртеніп кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен залалы анықталатын болады.

Сондай-ақ Қарағанды қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйде 4-ші қабаттағы пәтерде жалпы алаңы 14 шаршы м. жерде жиһаз және үй заттарының жануы орын алды. Өрт нәтижесінде "АМО" ММФ бригадасы улы газдан уланып, мас күйінде болған 2000 жылы туған пәтер иесін Қарағанды қаласының Облыстық медициналық орталығына жеткізілді. Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері автокөлік сатысы және баспалдақ маршымен кіреберістен құтқару қалпақшасының көмегімен 3 адамды құтқарды, оның ішінде 1 бала, эвакуацияланған адам саны - 6. Өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады:

- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!

- электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын бақылау қажет!

- бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз!

- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз және балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!

- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын пайдаланыңыз!

- психикалық ауытқушылықтары бар, алкоголизмнен және нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға ерекше назар аудару қажет!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға