Жаңалықтар

Бір апта ішінде 2270 қылмыс жасалды

Бір апта ішінде 2270 қылмыс жасалды
Фото: polisia.kz 27.03.2023 11:18 650

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз брифингінде айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрліктің мәлімдеуінше, бір апта ішінде 2270 қылмыс жасалған. Оның 1338-і тәулік ішінде ашылды.
Ізін суытпай полиция қызметкерлері 10 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 27 тонау және 358 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға