Жаңалықтар

Билли Джин Кинг кубогі: Қазақстан құрамасы алда тұр

Билли Джин Кинг кубогі: Қазақстан құрамасы алда тұр
Фото: ktf.kz 14.04.2023 17:59 844

Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінде Польшамен өтіп жатқан матчта Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алдымен Юлия Путинцева әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетті жеңген болатын. Артынша еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді. Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 253-сатыда тұрған 22 жастағы Вероника Фальковскамен кортқа шықты. Екеуара алғашқы кездесуде ол 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 2:0 есебімен алда тұр.

Польшамен матчта 15 сәуір күні үш бәсеке жоспарланған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға