Жаңалықтар

Билли Джин Кинг кубогі: Елена Рыбакина кортқа қашан шығады

Билли Джин Кинг кубогі: Елена Рыбакина кортқа қашан шығады
Фото: ktf.kz 13.04.2023 17:03 867

Астанада әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сында Қазақстан мен Польша құрамалары кездеседі. Бүгін осы матчтың жеребесі тартылды.

ҚТФ мәліметінше, бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.

Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні, Астана уақытымен сағат 13:30-да кортқа шығады.

Сонан соң Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковска өзара кім мықтыны анықтайды.

Сенбіге Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындаға Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Сенбі күнгі ойындар да 13:30-да басталады.

Жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, Мемлекет бүгін Елена Рыбакинаны қабылдады. Айтулы додаларда ел намысын асқақтатып жүрген теннисші Президентке сыйлық тарту етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға