Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Үндістанда төртінші рет жеңіске жетті

Бибісара Асаубаева Үндістанда төртінші рет жеңіске жетті
Фото: instagram.com/bibisarachess 01.04.2023 14:28 1187

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың алтыншы кезеңінде Бибісара Асаубаева ресейлік шахматшы Полина Шуваловадан басым түсті. Бұл – қазақстандық спортшының аталған турнирдегі төртінші жеңісі. Осылайша, 4 балл жинаған Бибісара турнир кестесінде бірінші орында келе жатқан Чжу Цзиньэрге де жетті. Қытайлық шахматшы әзірге бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ.

Бибісара Асаубаева бүгін, 1 сәуірде үндістандық тәжірибелі шахматшы Хампи Конерумен кездеседі. Бұрын оның қарсыласы Азия чемпионы атанған еді.

Аталған турнирде Бибісара Асаубаева бір мәрте жеңіліп, ресейлік Александра Горячкинаға есе жіберіп қойды. Ал, Нино Батсиашвили (Грузия), Рамешбабу Вайшали мен Харикой Дроновалли (екеуі де – Үндістан) сынды қарсыластарынан басым түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға