Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday турнирінде чемпион атанды

Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday турнирінде чемпион атанды
Фото: instagram.com/bibisarachess 28.03.2024 14:10 982

Блиц-шахматтан 2 дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз 11 турдың нәтижесі бойынша, 10 жеңіс, 1 мәрте тең түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

Бибісара Асаубаева - 10,5 ұпай (300 доллар)

Теодора Иняц - 8,5 ұпай (250 доллар)
Савита Шри Баскар - 8,5 ұпай (200 доллар)
Вантика Агравал - 8 ұпай (150 доллар)
Фам Ле Тхао Нгуен - 7,5 ұпай (100 доллар)

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр. Жарыстың басты ерекшелігі — ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға