Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде үшінші жеңісіне қол жеткізді

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: instagram.com/bibisarachess 31.03.2023 12:40 530

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы гран-при кезеңінде үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық халықаралық спорт шебері Бибісара Асаубаева Гран-придің 4-ші турында ресейлік Александра Горячкинадан жеңілгеннен кейін, үндістандық гроссмейстер Харика Дронавалиден басым түсті.

Осы жеңістен кейін жерлесіміз 3 ұпай жинап, ресейлік А.Горячкинамен үшінші-төртінші орынды өзара бөлісті.

Аталған сайыста әзірге 3,5 балл жинаған қытайлық Чжу Цзяньэр мен ресейлік Полина Шувалова көш бастап тұр. Бүгін Бибісара Асаубаева екеуімен де кездесу өткізеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға