Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын қорғай алмады

Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын қорғай алмады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 31.12.2023 22:25 632

Самарқанда шахматтан блиц бойынша 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды, онда қазақстандық Бибісара Асаубаева Алматыда жеңіп алған былтырғы чемпиондық атағын қорғай алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатының ең жоғары медалін үшінші рет таға алмады. 19 жастағы қазақстандық ойыншы 17 ойыннан кейін 11 ұпай жинап, турнирді алтыншы орынмен аяқтады, деп хабарлады FIDE баспасөз қызметі.

Тағы бір жерлесіміз Меруерт Камалиденова Самарқанда (11 ұпай) 8-орынға табан тіреп, әлемнің үздік 10 шахматшы қыздарының қатарына енді.

Ал блицтен әйелдер арасындағы жаңа әлем чемпионы ресейлік Валентина Гунина (14 ұпай) атанды, Александра Костенюк (Швейцария, 13,5) күміс, қытайлық Жу Цзиньер (12,5) қола жүлдені иеленді.

Ерлер арасында 16 ұпай жинаған әлемнің ең үздік шахматшысы, норвегиялық Магнус Карлсенге тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші қатарда ресейліктер Даниил Дубов (15,5) мен Владислав Артемьев (15,0) тұр.

Норвегиялық гроссмейстер үшін бұл - Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші алтын медаль. 28 желтоқсанда ол рапид бойынша үздік атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға