Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын тағы жеңді

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын тағы жеңді
Фото: instagram.com/drs_kz 19.04.2023 13:36 824

Бибісара Асаубаева әлем рейтингінің көшбасшысы Хоу Ифаньнан тағы басым түсті. Бұл туралы prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz хабарлайды. 

Астанада шахматтан Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы ойын өтіп жатыр.

Отандасымыз Бибісара Асаубаева әйелдер арасында FIDE рейтингінде көш бастап тұрған әлемнің төрт дүркін чемпионы Хоу Ифаньді екінші рет ұтты. Бірінші кездесуде де есеп қазақстандықтың пайдасына аяқталған.

Құрамалар рапидтен сынға түсті. Енді блиц ойыны болады. Соның нәтижесінде жеңімпаз анықталады.

Жалпы шахматтан әйелдер арасында мұндай матч алғаш рет өтіп жатыр. Бұған дейін КСРО жəне Ресей құрамасы 3 мәрте таңдаулы ойыншыларды шақырып, шеберлік байқасып көрген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға