Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева «Аэрофлот Опен» фестивалінде топ жарды

Бибісара Асаубаева «Аэрофлот Опен» фестивалінде топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Шамкен Байырбек 08.03.2024 11:05 439

Бибісара Асаубаева Мәскеуде аяқталған «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында 1-орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға