Жаңалықтар

Биатлоншы Милана Генева IBU кубогінде үздік ондыққа енді

Биатлоншы Милана Генева IBU кубогінде үздік ондыққа енді
Фото: instagram.com/milanageneva 03.02.2024 23:05 510

Польшаның Якушице қаласында биатлоннан юниорлар арасындағы IBU кубогінің үшінші кезеңі аясында спринт жарысы өтті. Қазақстандық биатлоншы Милана Генева үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақтан Биатлоншылар одағының мәліметінше, Милана Генева қыздар арасында 10 км спринтте 87 спортшының арасынан мәреге 6-шы болып жетті (+2:00.4; 1).

Алғашқы болып жеңіске аустриялық Анна Андексер (24:05.9;1) жетсе, екінші болып неміс биатлоншысы Алина Нуссбикер (+1:29.0;1), үшінші болып тағы бір неміс спортшысы Юлия Фоглер келді (+1:46.7).

Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен Крюкова Арина мәреге 21-ші, Карабаева Алема 49-шы, Долгополова Ксения 73-ші болып жетті.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға