Жаңалықтар

БИ-2 тобы Семейдегі концерттен түскен қаржыны өрттен зардап шеккендерге аударды

БИ-2 тобы Семейдегі концерттен түскен қаржыны өрттен зардап шеккендерге аударды
Фото: instagram.com/b2band 22.06.2023 11:28 1255

БИ-2 музыкалық тобының Семейдегі концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Бұл кештің өту-өтпеуі де біраз талқыға түскен. Бастапқыда әкімдік әлеуметтік желіде концерт өтпейтіні туралы ақпарат таратып, сонан соң оны өшіріп тастады.

Кеше «Абай-арена» стадионында топ өздерінің хит әндерін орындады. Ал кеш басталар алдында концерттен түскен ақшаның бәрін өрттен зардап шеккендерге беретіндігін растады.

Семей, көп рахмет! Біз қайғылы жағдайдан құрбан болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және концерттен түскен қаржыны зардап шеккендерге аудардық. Бұл концертті өткізуді мақсат тұттық, себебі қаржылай көмектен бөлек, концерт уақыты ауысудан қажыған тыңдармандарымызды қуантқымыз келді. Табыс табу деген мақсат болған жоқ, барлық тарапқа гуманистік көзқарас пен құрмет қана. Рахмет! – деп жазды Instagram топтың солисі Лёва (Егор Бортник).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға