Жаңалықтар

Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсауы кесілді

Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсауы кесілді
Фото: Сыртқы істер министрлігі 28.05.2023 23:17 1092

Қытай астанасында қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің ҚХР-дағы клшілігінің қолдауымен Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың 30 белгілі музыкалық шығармасын қамтитын қытай тіліндегі танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағы ұсынылды.

Әндерді аударуды Музыка халық баспасының жәрдемімен белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжитұлы жүзеге асырды. Іс-шараның қонақтары Қытайдың мемлекеттік органдары, академиялық және шығармашылық зиялылары, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық БАҚ журналистері болды, - делінген Сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев өзінің сөз сөйлеуінде музыка мен әндер арқылы халықтар арасында мәдениет пен әдет-ғұрыпты тереңірек қабылдау орын алатынын ерекше атап өтті. Осыған орай ол бұл жинақ Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен тату көршіліктің іргетасына тағы бір жарқын үлес болатынына сенім білдірді. Қазақстандық дипломат өз сөзінде биыл Қытайда мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларымен де бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға