Жаңалықтар

Бейжің олимпиадасының жүлдегері мемлекеттік жаттықтырушы атанды

Бейжің олимпиадасының жүлдегері мемлекеттік жаттықтырушы атанды
Фото: © El.kz 17.02.2024 07:20 996

Арман Шылманов таеквондодан мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті. Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шылманов бұған дейін шетелдегі оқуына байланысты үзіліс алған болатын. 

Арман Шылманов таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол әзірге елімізден шыққан жалғыз әрі тұңғыш Олимпиада жүлдегері саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға