Бейжің Олимпиадасында коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жағдайы анықталды

Бейжің Олимпиадасында коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жағдайы анықталды, деп хабарлады Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Соңғы тәулікте тағы 5 жаңа covid-19 жұқтыру дерегі анықталды. Жақында ҚХР астанасына 205 адам келді, оның ішінде 128 спортшы мен ресми тұлғалар және "басқа мүдделі тараптардың 77 өкілдері бар". Коронавирус 3 спортшыда, тағы 2 делегация өкілдерінде тіркелді. 

Осыған байланысты Филиппин Олимпиада комитетінің президенті Абрахам Толентино ойындарда COVID-19 вирусымен күресу шараларын жоғары бағалады. Ол олимпиадалық ауылдағы эпидемияға қарсы іс-шаралар қатаң әрі тиімді екенін айтты. 

Чехия билігі SARS-COV-2 таралуына қарсы қабылданған карантиндік шараларды жеңілдетуге ниетті. 01 наурыздан бастап шектеулерден тек қоғамдық орындарда маска кию талабы сақталады. Алайда, елдің Премьер-министрі Петр Фиалдың айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулер қайтарылуы мүмкін. 

Ертеңнен бастап азаматтар мейрамханалар мен тамақтану орындарына, мәдени-ойын-сауық, спорттық-сауықтыру және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде вакцинация немесе коронавирус туралы сертификаттарды ұсынбайтын болады. 18 ақпаннан бастап кәсіпорындарда, фирмаларда және оқу орындарында коронавирусқа міндетті тұрақты тестілеу тоқтатылады.

baq.kz


Оқи отырыңыз