Жаңалықтар

Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыз сыйақы ала ма?

Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыз сыйақы ала ма?
21.02.2022 10:38 1335

Бейжің Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазды Хабар24. 

Спортшыларымыз Олимпиадада бірде-бір жүлде жеңе алмады. Дегенмен жүлделі орынға жақын нәтиже көрсеткен спортшыларымызға сыйақы беріледі. 

Мысалы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке 500 метр қашықта төртінші орын алғаны үшін 30 000 доллар сыйақы беріледі.

Сондай-ақ, Абзал мен аралас эстафетаға қатысқан Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша бесінші орын үшін 10 000 доллардан алады. 

baq.kz


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға