Жаңалықтар

Бейжің-2022 мен Ақ Олимпиада туралы қызықты деректер

4 ақпан күні Бейжіңде XXIV Қысқы Олимпиаданың жалауы желбірейді
Бейжің-2022 мен Ақ Олимпиада туралы қызықты деректер
28.01.2022 17:22 6774

Қытай астанасы Бейжіңде өтетін байрақты бәсеке 24-ші ақ Олимпиада болып отыр. Аспан асты елінің астанасы жазғы да, қысқы да Олимпиаданы қабылдаған алғашқы қала. Бұл турнир төрткүл әлем асыға күтетін спорт саңлақтарының сайысы. El.kz порталы қысқы Олимпиада мен Бейжің-2022 туралы қызықты деректермен бөліседі.

Бейжің-2022 мен Ақ Олимпиада туралы қызықты деректер

Ақ Олимпиададағы қызықты әрі маңызды деректер

Мәнерлеп сырғанау мен хоккей қысқы спорт түрлерінің ішіндегі ең танымалы. Бір қызығы, бұлардың олимпиадалық тарихы жазғы ойындардан басталады. Мәнерлеп сырғанаудан алғашқы жарыс 1908 жылы Лондондағы Олимпиадада өтті. Ал екінші рет араға он екі жыл салып Антверпенде болды. Осы жылы шайбалы хоккей де Олимпиада көркін қыздырған еді. Қысқы Олимпиада идеясы туындағанда Халықаралық Олимпиада комитеті бұл екі спортты қысқы бағдарламаның қатарына қосты.

***

1924 жылдың 25 қаңтары мен 4 ақпан аралығында Шамониде өткен тұңғыш Олимпиадада Норвегия спортшылары ресми емес командалық есепте бірінші орынға ие болды. Шаңғышы Хоут пен фин конькишісі К. Тунберг әрқайсысы үш-үштен алтыннан алқа тақты. 1928 жылғы Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында өткен екінші Ақ Олимпиадада норвегиялық шеберлер жалпы есепте алдарына жан салмады. АҚШ-тың Лейк-Плэсидінде 17 мемлекеттен 307 спортшы күш сынасты. Бұл жолы АҚШ-тың құрамасы командалық есепте ағарып алдан көрінген еді.

***

1936 жылы фашизм күшіне ене бастағанда Германия IV Ақ Олимпиада ойындарын қабылдады. 28 мемлекеттен 156 спортшы қатысқан дүбірлі жарыста норвегиялықтар тағы да жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді. 3 алтын, 1 күмісті норвегиялық конькиші Н. Баллангpуд жеңіп алды. Мәнерлеп сырғанаушы С. Хени қатарынан үшінші рет Олимпиада чемпионы атанып, өзіндік рекорд жасады.

***

КСРО құрама командасы 1956 жылы Италияның Кортина-д'Ампеццо қаласында жалауын көтерген Ақ Олимпиадала қатысып, жеті алтын, үш күміс, алты қола алқамен командалық есепте бірінші орынға шықты. Бұл осыған дейін қысқы спортта мықты деп келген Норвегия, Швейцария, АҚШ, Канада елдері спортшыларын есеңгіретіп тастады. 1964 жылы Инсбрукта КСРО құрамасы айды аспанға шығарып, 11 алтын, 8 күміс, 6 қола медальмен командалық есепте тағы да бірінші орынды иеленді. Аңыз әйел Скобликова конькиден төрт қашықтықта да жеңімпаз атанды. 4 алтын - сол кездегі қол жетпес рекорд болатын.

***

1968 жылы Гренобльде Норвегия 16 жылдан кейін командалық есепте бірінші орынды қайтарып алса, 1972 жылғы Саппоро қаласында Одақ спортшылары тағы да жеңісті жолын жалғастырды. Өскемендік хоккейші Борис Александров КСРО құрамасы сапында тұңғыш рет бізге алтын алқаны сыйлады. Шаңғышы Н. Гаранин қола қол жеткізген еді. Ал В. Смирнов қазақ елі үшін үлкен ерлік жасап, бір өзі 1 алтын, 2 күміс, 1 қоланы сыйлады.

***

1994 жылы Норвегия елінің Лиллехамерінде жалауы желбіреген қысқы Олимпиада жұрттың есінде ұзақ сақталмақ. Өйткені, ол уақытта Югославияда соғыс жұргізіліп жатыр еді. Алайда, бұл соғыс дереу тоқтатылды. Оған бірден-бір себепкер Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Хуан Антонио Самаранч болды.

Бейжің-2022 мен Ақ Олимпиада туралы қызықты деректер

***

1972 жылғы Олимпиадаға дайындық барысында өте қызықты оқиға орын алды. Стадионға Олимпиаданың жалауын алып кіргенде, көрерменнің бірі таң-тамаша болыпты: оның себебі Олимпиада туындағы түрлі-түсті дөңгелектердің басқаша орналасуы. Дереу тудағы қателікті байқаған қырағы көрермен ұйымдастырушылардың біріне айтады. Сөйтсе, бұл «қате» ту 1952 жылдан бері қолданыста екен. Жиырма жыл бойында ресми жалаудағы дөңгелектердің қате орналасқанын ешкім байқамапты.

***

Ақ Олимпиадаға қазақ елінен, яғни ҚазКСР-ден алғаш боп тау шаңғышысы Александра Артеменко қатысқан. Ол КСРО чемпионатында он екі рет жеңіс тұғырынан көрінген. А.Артеменко 1956 жылы Кортина-д'Ампеццодағы байрақты бәсекеде бағын сынады.

***

Екі олимпиадаға қатысқан тұңғыш конькиші қазақ қызы туралы естіп пе едіңіз? Шығыс Қазақстанның тумасы Кенжеш Сәрсекенова 1992-1999 жылдардың аралығында ұлттық құрама сапында өнер көрсеткін жалғыз қазақ қызы болған. Ол Қазақстан чемпионатын бес рет ұтқан. Ел ішіндегі жастар чемпионатында да ешкімді алдына салмаған. К.Сәрсекенова 1992 жылы конькиден спорт шебері атанған. Қазақстан өз тәуелсіздігінде алғаш рет 1994 жылы Лиллехаммерде өткен Ақ Олимпиаданың қатысушысы болған еді. Бұл айтулы сында ел намысын қорғайтын аз-кем спортшылар ішінде Кенжештің де тегі бар-тын. Қазақ қызы ел қоржынына медаль салмаса да жақсы өнерімен көзге түскен. Ол араға төрт жыл салып Нагонадағы Олимпиадаға да лицензия алып, қатысып қайтты.

***

2018 жылы Пхенчханде өткен Ақ Олимпиадаға барлығы 93 мемлекеттің спортшылары қатысып, рекорд тіркелген болатын. Ал Бейжің Олимпиадасына 95 елдің өкілі өтініш білдірген. Бұл Қысқы Олимпиададағы жаңа рекорд. Сол сияқты, Оңтүстік Кореяда өткен байрақты бәсекеде 2922 спортшы бағын сынаса, Қытай астанасында жалауы желбірейтін ақ ойындарда төрт мыңға жуық спортшы келеді деп күтілуде. Бұл да жаңа көрсеткіш! Пхенчхандағы ойындарға жаңа алты ел өз спортшыларын әкелген еді: Косово, Малайзия, Нигерия, Сингапур, Эквадор және Эритрея.

Бейжің-2022: логотип, ұран мен талисман

2022 жылғы Ақ Олимпиадаға жаңа жеті дисциплина еніп отыр: шорт-тректегі аралас эстафета, шаңғы акробатикасындағы аралас командалық турнир, трамплиннен секіру мен кноуборд-кросс, ерлер мен әйелдер арасындағы фристайлдан биг-эйр және қыздар арасындағы монобобтағы сайыс. Қосымша бәсекелердің арқасында Бейжің Олимпиадасындағы қатысушы әйел-спортшылардың пайыздық көрсеткіші 45-ке дейін өсіп отыр.

Бейжің-2022 мен Ақ Олимпиада туралы қызықты деректер

***

Бейжің-2022 бәсекесінің ресми медалінің атауы – «Тонг Ксинь», қазақшаға аударғанда «біз бірге – біртұтаспыз» мағынасында. Бұл жүлделер 2008 жылы Қытай астанасында өткен жазғы ойындардың медальдарына ұқсатып жасалған екен. Бұл арқылы Бейжің қысқы және жаззғы ойындарды өткізген алғашқы қала екенін аңғартқысы келгендей.

***

Бейжің-2022 талисманы «Бин Дуньдунь» атауына ие болды. Бүгінгі қытайша «бин» сөзінің мағыналары былай: «мұз», «таза», «күш». Ал «Дуньдунь» сөзі болса «дені сау» мағынасында қолданылады. Айта кетерлігі, бұл сөздер балалар жайында әңгімелескенде жиі қолданыста болады екен. Олимпиада ұйымдастырушылары талисманды «спортшылар мен жанкүйерлерге қуаныш сыйлаушы қысқы спорт түрінің елшісі» деп отыр.

Бейжің-2022 мен Ақ Олимпиада туралы қызықты деректер

***

Олимпиада тұмары скафандрға ұқсайтын мұздан костюм киген. «Бину Дуньдуньнің» авторы Цао Сюэ осылай шексіз мүмкіндікке жетелейтін жаңа технология мен келешекеті көрсетуге тырысыпты. Мұз киінген панда жарысқа қатысатын спортшылармен қатар коньки де, шаңғы да, сноуборда та тебе алады екен. Сол аяғында орналасқан жүрек қытайлықтардың қонақжайлылығын білдіреді дейді ұйымдастырушылар. Бұл қысқы Олимпиадада Бейжің 2008 жылы қолданған бірнеше спорт кешендерін пайдаланатын болады. Қаладағы нысандар Бейжің, Яньцин мен Чжанцзякоу секілді үш кластерге бөлінетін болады.

***

Together for a Shared Future (Бipге opтақ бoлашақ үшiн) – Бейжiңдегi қысқы Oлимпиада мен Паpалимпиаданың pесми ұpаны. Бұл ұpан төpткүл дүниенi жаpқын келекшекке жетелеп, пандемия кезiнде бoлан қиындықтаpды еңсеpyге шақыpады. Oлимпиада ұpанын 79 нұсқаның iшiнен, oн бipiн ipiктеy аpқылы таңдаған.

Бейжің-2022 мен Ақ Олимпиада туралы қызықты деректер

***

Сypетшi Лян Цюань Чжэн жасаған Oлимпиада эмблемасы Қытайдың дәстүpлi және заманаyи мәдениетiнiң элементтеpiн бipiктipедi. Сoнымен қатаp қысқы спopт түpлеpiне деген сүйiспеншiлiгiн аңғартады. Лoгoтип Қытайдың «қыс» иеpoглифiне негiзделіп жасалған. Жoғаpғы бөлiгiнде эмблема кoнькимен жүгipyшiнiң бейнесiне, төменгi бөлiгiнде шаңғышының силyэтiне ұқсайды. Ұшатын лента Қытайдың таy жoталаpын, спopт нысандаpын бiлдipедi. Көк түс аpманды, бoлашақты, мұз бен қаp тазалығын аңғаpтады. Қызыл және саpы – Қытай тyының түсi, oлаp ұмтылысты, жастықты және өмipлiк энеpгияны сypеттейдi.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға