Жаңалықтар

Bett1open турнирі: Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды

Bett1open турнирі: Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды
Фото: Olympic.kz 19.06.2023 04:15 481

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Берлинде өтетін WTA 500 турниріндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші айналымдағы кездесуде Рыбакина 20 жастағы ресейлік Полина Кудерметовамен (WTA рейтингінде 141-орында) ойнайды.

Кудерметова финалдық іріктеуде Швейцария өкілі Сюзан Бандеччиді (388-орын) жеңіп, Берлиндегі турнирдің негізгі жеребесіне өткен.

Bett1open турнирі Берлинде 19-25 маусым аралығында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға