Жаңалықтар

«Бешикташ» Зайнутдиновті ресми түрде таныстырды

«Бешикташ» Зайнутдиновті ресми түрде таныстырды
Фото: instagram.com 21.08.2023 23:01 896

Түркияның «Бешикташ» командасы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Түркия футбол федерациясының ресми сайтында Зайнутдиновтің клубпен келісімшарты биылғы жылдың 18 тамызынан басталғаны көрсетілген. Оның аяқталу мерзімі - 2027 жылдың 30 маусымы. 

Зайнутдиновті Ыстамбұл командасына 4,5 миллион еуроға сатып алды. Отандасымыз бұған дейін Мәскеудің ЦСКА клубында ойнаған. 2020 жылдың тамызынан бері 83 ойынға қатысып, 7 гол соққан. Сонымен қатар 8 нәтижелі пасы бар. ЦСКА сапында Ресей кубогында топ жарған. 

Оған дейін тағы бір ресейлік «Ростов» сапында ойнаған. Ал елімізде «Тараз» және «Астана» командаларында доп тепті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға