Жаңалықтар

Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: El.kz 28.05.2023 06:17 416

28 мамырда Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

«Қазгидромет» елдің басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады деп болжам жасады.

Тек Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға