Жаңалықтар

Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © El.kz 19.03.2024 08:33 357

«Қазгидромет» РМК сейсенбі, 19 наурызда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Теміртау қалаларында және түнде Қарағандыда атмосфералық ауаның ластануы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;

Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;

Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға