Жаңалықтар

Бес күн бұрын психдиспансерден қашып кеткен ер адам ұсталды

Бес күн бұрын психдиспансерден қашып кеткен ер адам ұсталды
Фото: © Polisia.kz 27.04.2023 16:15 806

СҚО-дағы психдиспансерден қашып кеткен 29 жастағы ер адам табылды деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

21 сәуір күні Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығының аумағынан 29 жастағы адамның белгісіз бағытта кеткендігі туралы хабарлама түскен.

Полицейлер іздестіру іс-шараларына кірісіп, еріктілер көмекке келді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 25 сәуірден 26 сәуірге қараған түні жоғалған адамның орналасқан жері анықталды. Оны Тайынша ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Дархан Сағидула Ақмола облысы Мариновка ауылынан тапқан. Ер адам Тайынша қаласынан жолға шығып, Астанаға кеткені белгілі болды. Сол жерден алыс туыстары оны Мариновкаға жіберген. Сол мекенжайдан полиция қызметкері тапқан. 26 сәуірде ол Тайынша қаласына аман-есен жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының басшылығына тапсырылды, – делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға