2013 жылдан бері туабітті жүрек ақауы бар сəбилердің жүрегіне бір өзі 400-ден астам ашық операция жасап, 800 операцияға ассистент болды. Ол – туабітті жүрек ақауымен туған сəбилерге ота жасайтын ең жас балалар кардиохирургі. Салмағы бір киллограмға толмай шала туған сəбилердің жүрегіне ашық операция жасайды. Ресей, Италия, Корея, Швейцариядан келген əріптестерімен бірге Алматы қаласы Перинатология жəне балалар кардиохирургиясы орталығында сырқаттарға ота жасады. Ерте жастағы балаларда негізгі қан тамырларының транспозициясы, өкпе көк тамырларының жаппай ауытқушылық дренажы, өкпе артериясының атрезиясы, функционалды жалғыз жүрек қарыншасы сияқты оталарды енгізуге мұрындық болды.
Беркін Тұрқұлов: Біз үшін ең қуанышты сәт - баланың күлкісін көру
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек