Жаңалықтар

Берел орманындағы таулы алқаптағы өрт толығымен сөндірілді

Берел орманындағы таулы алқаптағы өрт толығымен сөндірілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 22.07.2023 18:53 1213

Шығыс Қазақстанда биік таулы жердегі өрт аумағы толығымен оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін сағат 11.00-де Қатанқарағай ауданының Берел орманшылығы аумағындағы өрт шамамен 7 гектар аумақта оқшауланғаны мәлім болды. Оның алдыгда аталған аумақтағы жекелеген ағаштар мен шөп жабыны отқа оранған болатын. 

Өрт 18 шілде күні жетуі қиын таулы, жартасты жерде басталып, өртті сөндіру жұмыстары қиындық тудырған болатын. Жалынмен арпалыс кезінде өртті сөндіруге қатысушыларға оттың таралуына жол бермеу үшін тау-тасты аралап, жалынды басып, бар күш-жігерімен биікке көтерілуге тура келген еді. 

Өртті ауыздықтауға орманшылар, орт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 155 адам мен 13 бірлік техника, Қорғаныс министрлігінің, ШҚО авиабөлімшесі мен Қазавиаорманқорғаудың 3 тікұшағы жұмылдырылғаны қосымша хабарланды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға