Жаңалықтар

Бердібек Соқпақбаевтың кітабы түрік тіліне аударылды

Бердібек Соқпақбаевтың кітабы түрік тіліне аударылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 29.05.2024 22:04 341

Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай түрік тіліне аударылған «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоғлы, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр қатысты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару бағдарламасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың көптомдық кітабын екі рет басып шығарып, еліміздің барлық кітапханаларына таратқан болатын. Көрнекті жазушының оқырмандар саны артатыны қуантады. Енді олардың қатарын түрік бауырларымыз да толықтырады, - деді Рустам Әли.

Іс-шара аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға