Жаңалықтар

Бердібек Сапарбаевты Алматыда ақтық сапарға шығарып салады

Бердібек Сапарбаевты Алматыда ақтық сапарға шығарып салады
Фото: El.kz 10.06.2023 14:27 29821

Бүгін қайтыс болған Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 11 маусымда Алматыда өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты 11 маусым күні Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында сағат 10:00-де шығарып салады.

Өткен жылы Жамбыл облысыны әкімі қызметінен кеткеннен кейін еңбек демалысына шыққан Б.Сапарбаев өмірінің Көкшетауда демалыс орнында қайтыс болғаны айтылды. Биылдан бастап Мемлекеттік басқару академиясында магистрантарға дәріс оқыған ол өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп үлгермеді.  

Бұған дейін Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдаған еді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға