Жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев Алашқа адал қызмет еткен үлкен жүректі ел ағасы болды – Смайылов

Бердібек Сапарбаев Алашқа адал қызмет еткен үлкен жүректі ел ағасы болды – Смайылов
Фото: El.kz 10.06.2023 19:06 765

Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Смайлов Бердібек Машбекұлы Қазақстанның қазіргі тарихындағы ұлы тұлғаларының бірі екенін айтып, оның жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталатынын тілге тиек етті.

Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев өмірден озды.

Ол халқының сүйікті перзенті, еліміздегі ең маңызды тарихи оқиғалардың басы-қасында жүрген бірегей саясаткер еді. Бердібек Машбекұлы Қазақстанның қазіргі тарихындағы ұлы тұлғаларының бірі, алты Алашқа адал қызмет еткен үлкен жүректі ел ағасы болды десек артық айтқандық емес. Ол еңбек жолының ең күрделі кезеңдерін егемендіктің елең-алаңында, яғни 90 жылдары өткеріп, бес өңірдің әкімі лауазымын абыроймен атқарды, екі рет еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет етті. Бердібек Машбекұлының жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жеке өз атымнан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Бұл – біз үшін орны толмас, өте ауыр қайғы. Марқұмның топырағы торқа, иманы саламат болсын! – деді Смайылов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға