Жаңалықтар

Берденовке жасалған шабуыл: қылмыстық іс қозғалды

Берденовке жасалған шабуыл: қылмыстық іс қозғалды
Фото: Руслан Берденовтің фейсбуктегі парақшасынан 22.04.2025 11:49 727

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық полиция департаменті кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Еске салайық, кеше түнде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды.

Оқ атқан адам қамауға алынған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, төрт сағат операция жасалған Берденов бүгін есін жиып, сөйлей бастаған. Алайда оның жағдайы әлі де тұрақты ауыр деп бағалануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға