Жаңалықтар

Бензема Роналдудың клубына ауысуы мүмкін

Бензема Роналдудың клубына ауысуы мүмкін
Фото: ©Reuters/Franck FIFE 30.01.2024 14:01 476

«Әл-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема қысқы трансферлік терезе кезінде клубын ауыстырмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Goal мәліметінше, Бензема «Әл-Иттихадтан» кетуіне оның клубтың Про-лигадағы өнеріне көңілі толмауы себеп. Клуб та оны жалға беру құқығымен босатпақ, бірақ міндетті талап бар – ол Сауд Арабиясынан кетпеуі керек.

Дереккөз француздың Эр-Рияд клубына ауысуы мүмкін екенін айтты. Ал мұндай командалар екеу ғана: «Әл-Хиляль» мен «Әл-Наср». Соңғысында Бензема «Реалда» бірге ойнаған Криштиану Роналду бар.

Айта кетейік, 36 жастағы Бензема «Әл-Иттихад» сапына 2023 жылғы жазда ауысты. Оның клубпен келісімшарты 2026 жылғы жазға дейін есептелген.

Биылғы маусымда ол 20 ойында 12 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға