Жаңалықтар

Бенну астероидынан топырақ әкеле жатқан капсула Жер бетіне қонды

Бенну астероидынан топырақ әкеле жатқан капсула Жер бетіне қонды
25.09.2023 07:32 678

Осыдан 7 жыл бұрын Бенну астероидын зерттеу үшін арнайы ұшырылған зонд Жер бетіне капсула жіберді. Капсула АҚШ-тың Юта штатына келіп қонды. Оның ішінде Беннудың бетінен алынған топырақ бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Euronews агенттігіне сілтеме жасап. 

Osiris-Rex зонды капсуланы 102 мың шақырым қашықтықтан осында ұшырып жіберген.

Топырақ үлгілері 2020 жылдың қазанында алынған. Болжам бойынша, ол астероидтың бетінде Жер жаралмай тұрып, тіпті Күн жүйесі өмірге келмей тұрып пайда болған заттар бар. 

Капсуланың ішіндегі 250 грамм топырақты зерттеу үшін арнайы лаборатория жабдықталған. Онда 200-ге жуық ғалым 60 түрлі әдіспен зерттеу жүргізеді.

Ал Osiris-Rex болса басқа астероидты зерттеу үшін сапарын әрі қарай жалғастырады. 

NASA капсуланың 3,86 млрд миль жол жүріп келгенін хабарлады. 

DW мәліметінше, ыстыққа төзімді қабықпен қорғалған, салмағы шамамен 46 кг және диаметрі 81 см болатын капсула күтілген уақыттан үш минут ерте қонды.

Соңғы 13 минутта ол Жер атмосферасы арқылы 44 000 км/сағ жылдамдықпен ұшқан. 

Диаметрі 550 метр болатын Бенну астероиды орбитасының Жерге жақын орналасуына, астероидтың көлеміне және құрамында болуы мүмкін материалдарға байланысты таңдап алынған.

NASA сарапшылары оны Жер үшін ең қауіпті астероид деп санайды. Алдағы 150 жылда ол Жерге жақындауы мүмкін.

2016 жылдың қыркүйегінде салмағы 2100 кг және ұзындығы 6 метр болатын OSIRIS-Rex ұшқышсыз ғарыш кемесі Канаверал мүйісінен ұшырылып,  2018 жылдың желтоқсанында аспан денесіне жетті.

Содан кейін топырақтан сынама алатын жерді іздеуге кірісті.

2020 жылдың қазан айының соңында NASA Бенну астероидындағы шаң мен топырақтан сынама сәтті алынғанын жариялады. 

Бенну астероидынан алынған топырақ — америкалық Аполлон бағдарламасынан кейін ғарыштан Жерге әкелінген ең маңызды, ірі үлгі саналады.

Жоба құны — шамамен 800 млн доллар (750 млн еуро).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға