Жаңалықтар

Белорусьтің Брест қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Белорусьтің Брест қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 15.04.2024 06:30 534

Беларусь Республикасының Брест қаласында Қазақстан Республикасы Бас консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Назарук, Брест облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Михаил Баценко, Брест қаласының мэрі Сергей Лободинский, сондай-ақ консулдық корпус пен Беларусь қоғамының өкілдері қатысты.

Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде М.Нұртілеу «Қазақстанда біздің басты саяси және экономикалық серіктесіміз, сенімді одақтасымыз және жақын досымыз Беларуське ерекше жылулықпен қарайды. Аса жоғары және жоғары деңгейдегі сенімді саяси диалог барлық мәселелерді жедел және өзара тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді» деп атап өтті. Осыған байланысты Министр «Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы консулдық өкілдігінің мәртебесін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі бойынша Бас консулдық деңгейіне дейін көтеру елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі қарқынды дамытуға кезекті серпін беретініне» сенім білдірді.

Брест қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу екі ел арасындағы қатынастардың деңгейі мен мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадамы. Бұл қадам Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы мемлекет басшыларының екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту және қарқындату жөніндегі тапсырмалары толық көлемде және кестеден озып орындалатындығын айғақтайды. Біз қазақстандық достарымызды Брест қаласында қарсы алуға қуаныштымыз және өзара тиімділік пен өркендеу үшін ынтымақтастықты бірлесіп дамытуға дайынбыз, - деді И.Назарук. 

Брест қаласында болу бағдарламасына сәйкес ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы арасында 640 қазақстандықтың есімдері белгілі бекіністің қаза тапқан қорғаушыларын еске алу үшін «Брест батыр бекінісі» мемориалдық кешеніндегі Церемониалдар алаңында Мәңгілік алаудың жанына гүл шоқтарын қойды.

ҚР Бас консулдығының консулдық округіне өзінің елеулі экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әлеуетімен танымал Беларусь Республикасының Брест және Гродно облыстары кіреді. Бұл консулдық округ Қазақстан мен Еуропа арасындағы негізгі жүк ағыны өтетін елеулі көлік және транзиттік дәліз ретінде маңызды рөл атқарады. Осы аймақта ірі ағаш өңдеу, машина жасау, аграрлық және басқа да өңдеу кәсіпорындары орналасқан. Өткен жылы Брест облысы мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 170 млн АҚШ долларын құрады. 340 мың халқы бар Брест қаласы Беларусь Республикасының аймақ экономикасына елеулі үлес қосатын ірі әкімшілік, өнеркәсіптік және мәдени орталығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға