Жаңалықтар

Белгілі нейрохирург Жамбылда бір күнде 8 күрделі операция жасады

Белгілі нейрохирург Жамбылда бір күнде 8 күрделі операция жасады
Фото: ҚР Президентінің іс басқармасы 27.09.2023 21:56 763

Белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев Жамбыл облысында бір күнде 8 күрделі операция жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты  нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев Жамбыл облысында бір күнде 8 күрделі операцияны сәтті жасап, 12 өңір тұрғынына дәрігерлік консультация жүргізді. 

Белгілі нейрохирург Жамбылда бір күнде 8 күрделі операция жасады

Атап айтқанда, нейрохируг 2 науқасқа Жамбыл облыстық ауруханада ми тамырларын стенттеу және селективті церебральды ангиография бойынша операция жасады. Сондай-ақ Тараз қалалық көпбейінді ауруханада ми тамырларын стенттеу бойынша 4 науқасқа, 1 науқасқа селективті церебральды ангиография бойынша және тағы 1 науқасқа ми тамырларының аневризмасы ағынын қайта бағыттаушы стентпен эмболизациялау операциясын абыроймен жасап шықты.

Белгілі нейрохирург Жамбылда бір күнде 8 күрделі операция жасады

Бірінші науқастың жағдайы Астана қаласына келуге мәжбүр күйде болған. Бұған дейін миына қан құйылып, ішінара аневризмасы жабылған. Сәті түсіп операция жасап бердім, қазір жағдайы қалыпты. Қалалық ауруханада миының ішінде жалғыз омыртқалы артериясы қатты тарылған науқасқа аса күрделі операция жасалғанын атап өтуге болады. Бұл операцияны жергілікті дәрігерлер де жасайды, дегенмен жалғыз омыртқа болған соң техникалық қиындығына қарамастан тәуекелмен жасап шықтым. Бұдан бөлек 35 жасар науқастың аневризмасын жауып, қан айналымын өзгертетін стент қойып бердім. Осы сияқты ми мен мойын тамырлары тарылған науқастарға операцияны үзіліссіз жасап шықтым. Алда 4 күрделі операция кезек күтіп тұр.  Соның бірі Шымкент қаласынан келген, бұған дейін артерия мен тамырдың байланысуынан басына 6 рет операция жасалған науқасқа күрделі операция жасау жоспары тұр, - дейді жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға