Жаңалықтар

Белгілі балуан қазақстан күрес федерациясының вице-президенті атанды

Белгілі балуан қазақстан күрес федерациясының вице-президенті атанды
Фото: © Olympic.kz 23.12.2023 08:25 1602

Еркін күрестен Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Нұржан Қатаев Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының қорытынды конференциясында белгілі болды. 

Нұржан Қатаев еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бүгінге дейін спорт саласында елеулі еңбек еткен. 

Сондай-ақ, Атырау облыстық күрес федерациясын басқарған Асқар Құлов та вице-президенттікке сайланды. 

Танымал мамандар еліміздегі күрестің дамуына ықпал ету үшін бірлесіп қызмет етуге кіріспекші. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға