Жаңалықтар

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы сайлауға қатысты пікірін білдірді

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы сайлауға қатысты пікірін білдірді
Фото: El.kz 19.03.2023 16:08 722

Елімізде өтіп жатқан саяси додаға байланысты ақын Серікзат Дүйсенғазының пікірін білдік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бабамның қаны тамған, анамның жасы сіңген қасиетті де қастерлі Қазақстанымның әлемнің өркениетті елдерімен иық тірестіретін, демократия салтанат құрған елге айналуына мүдделімін. Өйткені, осы мемлекетте менің ата-анам, туған-туысым, отбасым тұрып жатыр. Әрбір қазақтың әділетті қоғамда бақытты ғұмыр кешуін қалаймын. Ұрпағым әділ заң үстемдік ететін елде өмір сүргенін көргім келеді. Сондықтан Астанадағы №1 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Мәжіліске де, мәслихатқа да мемлекетшіл тұлғалардың өткенін тілеймін. Еліміз жемқорлықтан таза, береке-бірлігі жарасқан мемлекетке айналуын жаратушы Алла Тағалам нәсіп етсе екен!, - деді Серікзат Дүйсенғазы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға