Жаңалықтар

Белгілі ақын Маржан Ершу Ақтауда жыр кешін өткізді

Белгілі ақын Маржан Ершу Ақтауда жыр кешін өткізді
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі 24.06.2023 18:49 572

Ақтауда ақын Маржан Ершудің жеке шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

Жыр кешінде ҚР мәдениет саласының үздігі Назым Шаймарданова, Республикалық конкурстардың лауреаты Азамат Ізниев, Әсет Әлиев, Ақмарал Қадырбаева өнер көрсетті. Сондай-ақ, шараға арнайы ҚР Жазушылар одағының бірінші төрағасы Нұржан Қуантайұлы, Ы. Алтынсарин институтының директоры, академик Маржан Ғалымжанова қатысып, белгілі ақынға қатысты жүрекжарды лебіздерін жеткізді. 

Қазақта ақынды ерекше қадірлеген. Оның әрбір сөзін қасиетті де қастерлі ұғым санап, әр сөзіне келісіммен қараған. Ақындық өнер - адамның ішіндегі тұнып тұрған талантты ашатын тылсым ғажайып күш іспеттес. Солардың асыл мұрасы Маржан Ержу- ақындық өнер әкесінен дарыған қазақтың ақмаржаны. Бүгінгі Ақтау қаласындағы кешіңіз құтты болсын! Қаламаңыз ұштала берсін! - деді  Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Маржан Ершу - IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері. Қазақстан Жазушылар одағының және Түркиядағы Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Оннан астам жыр жинақтарының және «Дина», «Исатай-Махамбет» атты драмаларының авторы. Түрік, татар ақын-жазушыларының шығармаларын қазақшаға аударған аудармашы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға