Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

 ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Кандидаттар тізімінде 5 адам бар. Олардың арасында қазіргі президент Александр Лукашенкодан бөлек, Сергей Сыранков, Александр Хижняк, Олег Гайдукевич пен Анна Канопацкая бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белта агенттігінің жазуынша, 21-25 қаңтар аралығында өткен алдын ала дауыс беруде сайлаушылардың қатысуы айтарлықтай жоғары болған. Оған халықтың 41,81%-ы қатысқан.

Ел аумағында 5325 сайлау учаскесі құрылған. Олар бүгін сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз