Жаңалықтар

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 28.02.2024 05:29 472
Түркістанда жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. Олардың құрылысы жіті қадағалауға алынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Түркістан облысының әкімі Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты. Әкімге нысанның ішкі әрлеу жобасы таныстырылды. Қасбетті сәндеу, жылыту, желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі жауаптыларға жұмысты сапалы атқару жөнінде тапсырмалар бергені белгілі болды. 
 
Мердігер мекеме – «Стройсервис - 7» ЖШС. Ғимараттың жалпы ауданы – 7 248 м2, жалпы жер ауданы – 1,8 га. Жалпы құны – 3,1 млрд. теңге. Нысан биыл тапсырылады. Нысанның ішкі әрлеу жұмыстары – 70%, витраж орнату 85%-ға аяқталған.
 
Заманауи спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымы орналасады. Кешенде республикалық, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасалады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға