Жаңалықтар

Beeline Қазақстан аумағында көрсетілетін ресейлік арналарды өшірмейтін болды

Бұл туралы компанияның баспасөз орталығы түсіндірді
Beeline Қазақстан аумағында көрсетілетін ресейлік арналарды өшірмейтін болды
Фото: esquire.kz 04.10.2022 18:02 775

«Beeline» байланыс операторы Қазақстан аумағында көрсетілетін ресейлік арналарды өшірмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ-та «Beeline» компаниясының Қазақстан аумағында көрсетілетін ресейлік бірнеше арнаны өшіретіні туралы ақпарат тараған болатын. Кейін қайтадан аталған арналар кедергісіз жұмыс істей беретіні хабарланды. ҚазАқпарат тілшісі соның анық-қанығын білу үшін ұялы байланыс операторына хабарласып көрді.

«Интернет пайдаланушылардың жастар сегменті ойын-сауық мазмұндағы video-d-demand контенттің үлесі көбейетінін жақсы қабылдағанымен, хабар тарату торында жаңалық арналарын қалдыруды сұраған клиенттер де болды. Осыған байланысты «Beeline Қазақстан» пайдаланушыларға арналған қазіргі пакеттер құрамын өзгеріссіз қалдыру дұрыс деген шешім қабылдады. Ал, ойын-сауық мазмұнына басымдық берілетін жаңартылған пакеттер 11 қазанда және одан кейін қосылуға өтініш бергендерге ұсынылмақ. Біз бұрынғыдай өз аудиториямыздың қалауына үнемі зерттеулер жүргізіп, сәйкесінше ұсынысымыздың құрамына түзетулер енгізіп отырамыз», - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға