Жаңалықтар

Базардағы кәсіпкерлер гуманитарлық көмек жіберді

Базардағы кәсіпкерлер гуманитарлық көмек жіберді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.04.2024 15:41 316

Бүгін «Алтын Орда» әмбебап сауда кешенінің кәсіпкерлері мен ұжымы тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көмек Ақтөбе, Қостанай облыстарының, Торғай даласының, Амангелді өңірлерінің су басқан елді мекендеріне жіберілді.

Базарда кәсібімді дөңгелетіп отырғаныма 20 жылдай уақыт болды. Осы аралықта біздің ұжым әкімшілікпен бірігіп талай игі істерге атсалысты. Табиғат апатынан жапа шеккен еліміздің әр түкпіріндегі бауырларымызға көмек қолын сөзу – парызымыз деп білемін. Қасиетті Рамазан айында, бүгінгі Қадір түні алдында жария садақа деп көмек қолын созып жатырмыз, - деді әмбебап сауда кешенінің кәсіпкері Салтанат Беделқызы.

Айта кетейік, көмектің жалпы көлемі 3 үлкен жүк көлігі мен жалпы көлемі 30 тоннаға жуық 1 газель болды. Логистикалық шығындарды нарық әкімшілігі де қолдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға