Жаңалықтар

"Байтақ" партиясы елдегі байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мәселесін көтерді

"Байтақ" партиясы елдегі байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мәселесін көтерді
Фото: El.kz 03.02.2023 11:25 1548

"Байтақ" жасылдар партиясының кезектен тыс екінші съезінде есеп комиссиясының төрағасы мен мүшелері бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Партия жетекшісі Азаматхан Әміртай аталған партия біріктіруші идеологияны ұстанатындығын айтты.

"Бізде руға, аймаққа бөліну бізге жатпайды. Осы идеологияны халыққа жеткізуіміз керек",— деді ол.

Сонымен қатар, партия байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мәселесін көтеруді басты мақсат еткен.

Мәселен, Қазақстанда аса бай және кедей азаматтар арасында алшақтық пайда болды деп есептейді.

Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасын талқылау және дауыс беру өтті. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға