Жаңалықтар

“Байтақ” партиясы 18 кандидатты депутаттыққа ұсынды

“Байтақ” партиясы 18 кандидатты депутаттыққа ұсынды
Фото: El.kz 14.02.2023 15:15 982

ОСК он бірінші отырысын өткізді. “Байтақ” жасылдар партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылы 6 ақпанда ҚР ОСК-ға “Байтақ” жасылдар партиясы құжаттарды өткізген. ОСК комиссиясы мүшесі Сәбила Мұстафина мәліметінше, құжаттар барлық талапқа сай.

“ОСК Мәжіліс депутаты қылып сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен конституциялық заңға сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және Сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес келеді”,- деді ОСК хатшысы Сәбила Сапарқызы.

“Байтақ” партиясы 18 кандидатты депутаттыққа ұсынды. Оның 38,9-%-і яғни 7 үміткер әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға