Жаңалықтар

Байрақты үйлеріне ілген астаналықтар көпшілікті тәнті етуде

Байрақты үйлеріне ілген астаналықтар көпшілікті тәнті етуде
Фото: kartinki24.ru 21.10.2022 10:51 1326

Көк туым желбіре: байрақты үйлеріне ілген астаналықтар көпшілікті тәнті етуде , деп хабарлайды El.kz.

  Қазақстандық Жандос Құрманбаев көк туды балконға ілуді  Республика күні және Тәуелсіздік күні игі дәстүрге айналдыруды ұсынады. 

 Ол байрақты балконда ұқыпты орналастырудың қарапайым әдістерімен әлеуметтік желісінде бөлісті.  

 «Соңғы уақытта жастар өздерінің патриоттық сезімдерін көрсетуге тырысатынын көріп жүрмін. 

 Олар тудың суреттерін жариялап, оны аватар ретінде орналастыруда» деп бөліседі өз ойымен Жандос.  

  Оның бастамасын астаналықтар қолдай түсті. Республика даңғылының бойында тұратын елордалықтар еліміздің  көк байрағын көпқабатты үйлеріне ілуде.  

  Республика күні қарсаңында оған аттас даңғылда тудың желбірегені көпшілікті бей-жай қалдырмады. Балкондарға орнатылған жалауды тұрғындар видеоға түсіріп, таң-тамаша болуда.  

  Астаналықтар осылайша отансүйгіштікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті көрсеткісі келеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға