Жаңалықтар

Байланыс нарығындағы қызметтер көлемі 8%-ға артты

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Байланыс нарығындағы қызметтер көлемі 8%-ға артты
Фото: 7kun.kz 21.01.2023 14:46 666

Байланыс қызметтерінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1,1 трлн теңгеден асты, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі үлес:
- Интернет желісінің қызметтері (42,9%)
- Ұялы байланыс (22,8%)
- Өзге телекоммуникациялық қызмет (21,1%)
- Телекоммуникациялық сымды және сымсыз желілер арқылы деректерді беру бойынша қызметтер (4,8%)
- Кабельді инфрақұрылым, сымсыз желілер және жер серігі арқылы бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер (4,1%)
- жергілікті телефон байланысы (2,6%)
- қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері (1,7%)
 
2022 жылдың желтоқсан сан бойынша:
- тіркелген телефон желілері – 2 835 мың бірлік (0,6%-ға төмендеу)
- ұялы байланыс абоненттері - 25 124,2 мың бірлік (0,2%-ға өсу)
- интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттері - 17 400,5 мың бірлік (0,1%- ға төмендеу)
- тіркелген Интернет абоненттері - 2891 мың бірлік (0,7%-ға өсу)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға